Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
Май орта мектебі
ХАТТАМА №2
Май ауылы.
«03» қаңтар 2018жҚамқоршылық кеңесінің жиналысы
Төрағасының аты-жөні: Досжанов Т.Д.
Хатшының аты-жөні: Абдрахманова Ж.З.
Қатысқандар:
- Досжанов Т.Д. - Май селолық оқругының әкімі
- Аяганов У.К. - «Егемендік» ЖШС
- Темирбулатов Д.Т. – «Олжас» ШҚ
- Баяганов М.К. – «Кеңес» ШҚ
- Жумалина Қ.Қ. – «Май агро» ЖШС өкілі
- Абдрахманова Ж.З. – ата-аналар комитеті
- Рахимжанова Г.А. – ата-аналар комитеті
- Темирбулатова А. – ата-аналар комитеті
- Абдрахманова З. – ата-аналар комитеті
Күн тәртібінде:
- Білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы.
- Қайырымдылық көмектің жұмсалуы.
Тыңдалды:
Жукенова Гүлмира Мұратқызы, мектеп директоры:
Май орта мектебі бойынша І жарты жылдықта барлығы 71 оқушы. Педагогтар саны 23.
І жарты жылдық бойынша мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқу бағдарламасы орындалды. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 61,5%. Жалпы мектепішілік бақылау жоспары бойынша қазақ тілі, ағылшын тілі, математика пәндерінен 6,7,9 сыныптарда жалпы сыныптық бақылау жүргізілді. ІІ тоқсан соңында 4,9,10 сыныптардан пәндер бойынша тест алынды. Алынған тест қорытындысы бойынша математика, физика пәндерінен білім сапасын жақсарту бойынша қосымша жұмыс жүргізу қажет.
ҰБТ тапсыратын барлығы 4 оқушы, қазіргі уақыттағы сынақ тестілеуі бойынша сапасы 93,2 %.
Мектеп жанындағы корт қорапшасына «Егемендік» ЖШС демеушілігімен 30 куб, ал «Май агро» ЖШС 6 куб су құйды.
Аудан әкімінің шыршасына аз қамтылған және көп балалы отбасынан Гаврилова Н. мен Аменов А. «Олжас» ШҚ демеушілігімен барып келді. Аталған оқушыларға жаңа жылдық костьюм сатып әперді.
Жаңа жылдық мерекеге арналған ертеңгіліктерге демеушілер тарапынан 92 дана тәтті сыйлыққа толы қораптар берілді. Аталған сыйлықтар «Ақбота» шағын орталығы тәрбиеленушілері және 0-11 сынып оқушыларына таратылды.
Сөз алғандар:
Досжанов Т.Д. Май селолық округ әкімі, Қамқорлық кеңесінің төрағасы:
Білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Ата-аналар қазіргі уақытта мектеппен тығыз байланыс жасауда. Округ бойынша жұмыс атқарып жатқан шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер одан әрі мектепке демеушілігін жалғастыра бермек.
Қаулы қабылдады:
1.1. Білім сапасын одан әрі жақсарту бойынша қосымша жұмыстар жүргізу.
1.2. Қайырымдылық көмектің көлемін ұлғайту үшін қосымша демеушілер тарту, олармен жұмыс жүргізу.
Төраға: Досжанов Т.Д.
Хатшы: Абдрахманова Ж.З.
Просмотров: 758
Комментарии